Арман Кеңесұлы Жалмұханбетов 1961 жылы 8 маусымда Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген, полиция генерал-майоры. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары милиция мектебінің түлегі. Еңбек жолын Қарағанды ҚІІБ-нің №223 бөлімшесінде пост қызметінен бастаған. Алматы қаласының Мәскеу, Әуезов, Калинин аудандық милиция бөлімшелерінің жедел қызметтерінде еңбек еткен. Әр жылдары ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі орталық басқармаға, Астана ҚІІБ-на, ІІМ әскери-тергеу департаментіне, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының ІІД-не басшылық еткен. 2012 жылдың тамыз айынан бастап Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы.
Арман Кеңесұлы Жалмұханбетов
Последние статьи автора