Арман Кәрімұлы Өтеғұлов 1964 жылы 28 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Саратов зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін тәмамдаған. 1989-1998 жылдары - Фурманов ауданы «Ақкөл» кеңшарының бас малдәрігері, Казталов ауданы «Талдыапан» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының директоры. 1998-2002 жылдар аралығында Қазталов ауданы әкімшілігінде және облыс әкімі аппаратында басшылық және жауапты қызметтер атқарған. Қаратөбе ауданының әкімі болған. 2010-2013 жылдары - Теректі ауданының әкімі. 2013-2014 жылдары Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. 2014 жылдан Батыс Қазақстанда облысы әкімінің орынбасары.
Арман Кәрімұлы Өтеғұлов
Последние статьи автора