Ардақ Жамансарыұлы Әмірқұлов

 Ардақ Жамансарыұлы Әмірқұлов 1955 жылы 10 желтоқсанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематографистер институтын бітірген. Кинорежиссер, продюсер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Темірбек Жүргенов атындағы Алматы көркем театр институтының (Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) оқытушысы, профессоры. 1988-1992 жылдары - «Қазақфильм» киностудиясының кинорежиссері. 1992-1996 жылдары - «Қазақфильм» киностудиясының бас директоры қызметтерін атқарған. 1996 жылдан бастап - «Ардфильм» компаниясының директоры.
Ол түсірген «Отырардың күйреуі» фильмі Монреалда (Канада) өткен Халықаралық кинофестивальда ФИПРЕССИ сыйлығына, Фигейра да Фошта (Португалия) өткен Халықаралық кинофестивальда «Серебряная пластина» сыйлығына, Ашхабатта (Түркменстан) өткен Халықаралық кинофестивальда «Серебряный полумесяц» сыйлығына ие болып, Алматыда өткен «Қазақ киносы – бүгін» байқауында Гран-приді жеңіп алды. 1997 жылы режиссердің «Абай» атты фильмі Ташкент қаласында өткен Халықаралық кинофестивальда «Ұлттық дәстүрлерді сақтағаны үшін» номинациясы бойынша «Серебряный Семург» сыйлығына ие болды. 2008 жылы «Қош бол, Гүлсары» кинофильмі Астанада өткен V Халықаралық «Еуразия» кинобайқауында Гран-приді жеңіп алған.
«Шанхай» кинофильміне продюссер болып, «Абай», «Записи Рустема с картинками», тағы басқа фильмдерді түсірген. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста