Ақылбек Әбсәтұлы Қамалдинов 1961 жылы 15 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1990-1992 жылдары - ММУ жанындағы Азия және Африка елдері институтында тағылымдамашы. 1992-1993 жылдары - ҚазМУ-де жапон тілінің оқытушысы. 1993-1994 және 1995-1996 жылдары - ҚР СІМ консульдық басқармасында жұмыс жасады. 1994-1995 жылдары - Жапонияда тілдік тағылымдамадан өтті. 1996-2001 жылдары - ҚР-ның Жапониядағы елшілігінде екінші, бірінші хатшы. 2001-2003 жылдары - ҚР СІМ-де бөлім бастығы, басқарма бастығы. 2003 жылдан - ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі. 2007 жылдан бастап ҚР-ның Жапониядағы Төтенше және Өкілетті елшісі.
Ақылбек Әбсәтұлы Қамалдинов
Последние статьи автора