Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова
Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова 1948 жылы 12 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Химия ғылымының кандидаты, саясаттану ғылымының докторы
Еңбек жолын Қазақ мемлекеттік университетінің кіші ғылыми қызметкері болып бастап, Қазақстан Жастар одағы Орталық комитетінің бөлім меңгерушісі, хатшысы қызметтерін атқарды. 1989-1991 жылдары - Қазақ КСР Сыртқы істер министрі. 1991-1992 жылдары - Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Ресей Федерациясы өкілдігінің аға кеңесшісі - Қазақстан Республикасының өкілі. 1992-1999 жылдары - Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі. 1996-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. 1999-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 1999-2001 жылдары - UNESCO жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқаушы. 2003 жылдан Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі қызметін атқарады. Халықаралық қатынастар бойынша 30-дан астам жарияланымның, 3 авторлық куәліктің авторы. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.