Амангелді Құсайынұлы Құсайынов 1942 жылы 29 желтоқсанда Павлодар облысы Ертіс ауданында дүниеге келген. Тарих ғылымының докторы, профессор Қазақ білім академиясының академигі.
Еңбек жолын 1960 жылы орта мектеп мұғалімі болып бастады. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін 1963-1973 жылдары Алматы медицина институтында оқытушы, Қазақстан КП Алматы қаласы Совет аудандық комитетінің аппаратында, 1973-1992 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің аспиранты, ассистенті, аға оқытушысы, доцент, проректор, аға ғылыми қызметкер, профессор болып қызмет атқарды. 1992-1996 жылдары С.Сейфуллин атындағы Ақмола университетінің ректоры. 1996-2000 жылдары - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры. 2000-2004 жылдары ҚР Жоғарғы аттестациялық комиссиясының төрағасы. 2004-2007 жылдары - Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының президенті. 2007 жылдан Еуразия гуманитарлық институтының ректоры.
Амангелді Құсайынұлы Құсайынов
Последние статьи автора