Алмаз Бекетұлы Бадашев
Алмаз Бекетұлы Бадашев 1975 жылы 6 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.
Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын және Батыс Қазақстан агротехникалық университетін бітірген. Мамандығы экономист, инженер.
Еңбек жолын 1996 жылы Орал қаласы әкімі аппаратының тұрғын үй жәрдемақы бөлімінің бас маманы болып бастады. 1997-1998 жылдары түрғын үй және тұрғын үй жәрдемақысы басқармасы. 1998-1999 жылдары БҚО тұрғын үй, сәулет және аумақтық құрылыс басқармасының жетекші маманы. 1999-2000 жылдары БҚО сәулет-құрылыс инспекциясының жетекші маманы. 2000-2005 жылдары БҚО сәулет-құрылыс инспекциясы директорының орынбасары, «Құрылыс-Консалтинг» ҰО» ААҚ БҚО филиалы директорының орынбасары. 2005-2008 жылдары «Ал-строй» ЖШС-нің директоры. 2008 жылы Жайық-Каспий экололгия департаменті бастығының орынбасары - БҚО бойынша экология жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы міндетін атқарушы. 2008-2009 жылдары Жайық-Каспий экололгия департаменті бастығының орынбасары - БҚО бойынша экология жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы. 2009-2010 жылдары БҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары. 2010-2011 жылдары БҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы. 2011-2012 жылдары БҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы. 2012 жылы БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы. 2012 жылдың 27 тамызында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.