Алмахан Нұрпейісқызы Кенжебекова
1950 жылы 16 қаңтарда Алматы облысы Нарынқол ауданындағы Қайнар ауылында дүниеге келген. 1971 жылы Алматыдағы республикалық эстрада-цирк колледжінде Халық әртісі Елебековтің класын бітірсе, ал 1975 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясын тәмамдаған. Алмахан Нұрпейісқызының қатысуымен өткен «Абай туралы аңыз» спектаклі 1997 жылы өткен халықаралық театр фестивалінде 3-орынға ие болды. М. Мақатаевтың сөзіне жазылған «Бесік жыры», «Жас қайың» әнінің авторы. Жалпы алғанда онға жуық әннің авторы. 1975 жылдан қазірге дейін Алматы облыстық Б. Римова атындағы драма театрының әртісі болып қызмет етеді. Алматы облысы, Талдықорған қаласы мен Райымбек ауданының құрметті азаматы.