Әлихан Мұхамедұлы Байменов
Әлихан Мұхамедұлы Байменов 1959 жылдың 25 наурызында Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Қарсақбай кентінде дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтын (1981) инженер - механик мамандығы бойынша; Мәскеу автожол институтының аспирантурасын (1988) тәмамдаған. Экономика ғылымының кандидаты, доцент, Халықаралық инженерлік академияның корреспондент мүшесі.
1988 жылдан 1992 жылға дейін - Жезқазған тау кен - технологиялық институтының аға оқытушысы, доценті, декан орынбасары. 1990 жылы Жезқазған облыстық халық депутаттары Кенесінің депутаты болып сайланды. 1992 жылдан бастап - Жезқазған облысы әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған. 1994 - 1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 1995 - 1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Еңбек министрінің орынбасары, министрдің бірінші орынбасары. 1996 - 1997 жылдары - Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Ұйымдық - бақылау бөлімінің меңгерушісі. 1997 - 1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің жетекшісі. 1998 - 1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жетекшісі. 1999 - 2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы. 2000 жылдан 2001 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2001 жылдың қарашасынан бастап - «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық бірлестігінің тең құрылтайшысы, саяси кеңесінің мүшесі. 2002 жылдың наурызынан бастап - «Ақ Жол» Қазақстан Демократиялық партиясының тең төрағасы, 2005 жылдан бастап - төрағасы. 2006 жылдың қазанынан бастап 2007 жылдың маусымына дейін - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Зерде» Қоғамдық қорының және «Тоғызқұмалақ» халық ойыны халықаралық республикалық федерациясының президенті. 2011 жылдың шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы лауазымына тағайындалды. Әлеуметтік қорғау, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, менеджмент, саяси және партиялық құрылыс мәселелері бойынша бірқатар жарияланымдардың авторы.