Әлихан Асханұлы Смайылов
Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы 18 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірді. 1996 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Менеджмент, экономика және болжамдау институтын бітіріп, Мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі берілді.
1993-1995 жылдары «А-Инвест» Инвестициялық жекешелендіру қорында жұмыс істеді. 1996-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы қызметтерін атқарды. 1998 жылғы наурыздан сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары болды. 1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы, бөлімнің сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор қызметтерін атқарды. 1999-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы болды. 2003 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі болып тағайындалды. 2003-2006 жылдары «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы Басқармасының төрағасы болды. 2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі болып тағайындалды. 2007-2008 жылдары «Казагро» Ұлттық холдингі» АҚ президенті болды. 2008 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі болып тағайындалды. 2009 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.