Әлішер Хабибуллаұлы Пірметов 1972 жылы 6 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Жамбыл технология институтын Экономика және басқару мамандығы бойынша, 2008 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін құқықтану мамандығы бойныша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1990 жылы «Ұстаз» МП инженер-программист болып бастады. 1992 – 1993 жылдары – «Информтехника» АҚ филиалының директоры. 1993 - 1997 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласының аудандық дайындау кеңсесінің экономисі, директоры. 1997 - 1998 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласының қалалық әкімшілігінің экономика бөлімінің меңгерушісі 1998 - 2000 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 2000 - 2003 жылдары Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқарма бастығы. 2003 - 2006 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының әкімі. 2006 - 2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің әкімшілік-құқықтық департаментінің бастығы, аппарат бастығы, ішкі аудит департаментінің директоры – аппарат басшысы, әкімшілік департаментінің директоры. 2011 жылғы мамыр айынан 2012 жылғы қаңтар айына дейін – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің жауапты хатшысы. 2012 жылғы қаңтардан 2013 жылғы наурыз айының аралығында – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру агенттігінің жауапты хатшысы. 2013 жылғы наурыз айынан - «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Қаржы және әкімшілік мәселелері жөнінде Басқарма төрағасының орынбасары. 2013 жылғы сәуір айынан - «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Қаржы және бюджеттік жоспарлау бойынша басқарма төрағасының орынбасары. 2014 жылдың наурыз айынан бастап - «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Қаржы және бюджеттік жоспарлау бойынша басқарма төрағасының бірінші орынбасары.
Әлішер Хабибуллаұлы Пірметов
Последние статьи автора