Әлия Ғафурқызы Мұхамеджанова 1963 жылы 17 маусымда Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. 1985 жылы ҚазМУ-ды (ҚазҰУ) тәмамдаған. Ғалым, экономика ғылымының докторы (1998).
1985-1991 жылдары Қызылорда педаогикалық институтының (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) саяси экономия кафедрасында оқытушы, ҚазМУ-дың аспиранты. 1991 жылы «Парасат-Самэкс» фирмасының ғылыми кеңесшісі. 1992 жылы Қазақ КСР ҒА Экономика институтында ғылыми қызметкер. 1993–2004 жылдары Қызылорда мемлекеттік университетінде экономика пәндері кафедрасының аға оқытушысы, менеджмент, бизнес және нарықтық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, экономика факультетінің деканы, осы университеттің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры. 2004 жылдан Біліктілікті көтеру және ақпараттық технологиялар институтының директоры. 2004 жылы Сорос қоры – Қазақстан «Ауылдық округтер әкімдерінің кәсіпкерлермен ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі өзара іс-қимылдарын ұйымдастыру» жобасы бойынша грантын ұтып алды. Оқыту үдерісіне сапа менджменті жүйесін енгізу мәселелерімен, оқыту үдерісін несие технологиясы бойынша ұйымдастырумен шұғылданады, «Этникалық қатынастарды басқаруды оқыту» жобасына қатысқан, АҚШ-тың Экономикалық білім беру жөніндегі Ұлттық Кеңесінің грантын жеңіп алған. 57 ғылыми еңбегі, соның ішінде 1 монографиясы, 5 оқу құралы жарық көрді.
Әлия Ғафурқызы Мұхамеджанова
Последние статьи автора