Әли Өтепұлы Сахимов 1953 жылы 29 қаңтарда Ресейдің Астрахан облысы Краснояр ауданында дүниеге келген. 1974 жылы Волгоград ауыл шаруашылығы институтын, 1996 жылы Бостон қаласындағы (АҚШ) Массачусетс университетін, 2004 жылы Халықаралық еңбек академиясын тәмамдаған.
1970-1982 жылдары Астрахан облысында жұмысшы, нұсқаушы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, аудандық комсомол ұйымының хатшысы, 1982-1993 жылдары Ералиев ауданы ауыл шаруашылығы басқармасында аға экономист, ауданық партия комитетінің 1-хатшысы, облыстық партия комитетінде нұсқаушы, 1-хатшының көмекшісі, 1996-1997 жылдары «КасАманд Ойл Технолоджи» ЖАҚ-ның вице-президенті, 1997-1998 жылдары «Балдырған» ЖШС-нің директоры, 1998-2003 жылы Маңғыстау облысы көші-қон департаментінің бастығы, болған. 2003-2008 жылдары Маңғыстау облысы әкімшілігінің аппарат басшысы, 2008-2012 жылдары «Қаражамбасмұнайгаз» АҚ-ның вице-президенті болып қызмет атқарады. 2013 жылы «МАЭК Қазатомпром» ЖШС департаментінің директоры.
«ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Конституциясына 10 жыл» медальдарымен марапатталған.