Әли Амантайұлы Көмекбаев

Әли Амантайұлы Көмекбаев

Әли Амантайұлы Көмекбаев - 1961 жылғы 21 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келді. Қазақ химиялық-технологиялық институтын (1988 ж.), К.Э. Циолковский атындағы МАТИ жанындағы салааралық біліктілігін арттыру институтын (1990 ж.), Мәскеу мемлекеттік авиациялық-техникалық университетінің аспирантурасын (1995 ж.), Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебін (1996 ж.), «Әділет» жоғары құқық мектебін (2000 ж.) бітірді.
1978 жылғы желтоқсаннан 1980 жылғы қаңтар аралығында Шымкент қ. аудандық санэпидемстанциясында кочегар болып жұмыс істеді.
1980 жылғы ақпан-сәуір аралығында Шымкент қ. электрмонтажды бұйымдар зауытында кесуші болып жұмыс істеді.
1982 жылғы маусымнан 1983 жылғы шілде аралығында Томск электрмеханикалық зауытында (Томск қ.) жартылай автоматшының оқушысы, химиялық зертхананың лаборанты болып жұмыс істеді.
1988 жылғы қыркүйектен 1990 жылғы тамыз аралығында Қазақ химиялық-технологиялық институтының МОПСМИК кафедрасында (Шымкент қ.) лаборант болып істеді.
1992 жылғы қыркүйектен 1995 жылғы ақпан аралығында «Наурыз» жобалық-құрылыс және енгізу кәсіпорнында (Шымкент қ.) механик болып істеді.
Мәскеу мемлекеттік авиациялық-техникалық университетінің аспирантурасында (Мәскеу қ..) және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы МБҰЖМ (Алматы қ.) оқуды аяқтағаннан кейін 1996 жылғы қазаннан 1998 жылғы наурыз аралығында Шымкент қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің 1 дәрежелі маманы болып істеді.
1998 жылғы наурыз-қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау агенттігі Әлеуметтік-экономикалық саладағы реформа департаментінің Мемлекеттік қызметті реформалау басқармасының бас маманы болып істеді.
1999 жылғы наурыз-маусым аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Нормативтік-құқықтық жұмысы департаментінің заңнамалардың сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы болып істеді.
1999 жылғы маусымнан 2000 жылғы сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің Заңнамалардың сақталуын бақылау басқармасының бас маманы болып істеді.
2000 жылғы сәуірден 2003 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша Аумақтық басқармасы бастығының орынбасары болып істеді.
2003 жылғы тамыздан 2004 жылғы қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметін атқарды.
2004 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
«Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста