Александр Төлеуұлы Сәрсембеков

Александр Төлеуұлы Сәрсембеков 1953 жылы 9 шілдеде Жамбыл қаласында дүниеге келген. 1975 жылы Ф.Э. Дзержинский атындағы КСРО МҚК Қызыл Тулы Апматы жоғары шекара командалық училищесін, 1983 жылы М.В. Фрунзе атындағы әскери академиясын тәмамдаған.
1970 жылдан - Жамбыл әуежайының жұмысшысы. 1971 жылдан - Ф.Э. Дзержинский атындағы КСРО МҚК Қызыл Тулы Апматы жоғары шекара командалық училищесінің курсанты. 1975 жылдан - ҚазКСР Мақаншы шекара отрядының шекара күзеті бастығының орынбасары, бастығы. 1980 жылдан - М.В. Фрунзе атындағы әскери академиясының тыңдаушысы. 1983 жылдан - Орта Азия шекара округы штабының офицері, аға офицері (Ашхабад қаласы). 1985 жылдан - АДР жедел топ бастығының орынбасары, жедел топ бастығы. 1988 жылдан - Бахарден шекара отрядының штаб бастығы. 1989 жылдан - Бахарден шекара отрядының бастығы, Орта Азия шекара округының бөлім командирі. 1990 жылдан - Петропавловск-Камчатск шекара отрядының бастығы, Солтүстік-Шығыс шекара округының бөлім командирі. 1991 жылдан - Жаркент шекара отрядының бөлім командирі, бастығы. 1993 жылдан - ҚР Мемлекетік шекарасын қорғау жөніндегі мемлекеттік комитетінің штабы бастығының бірінші орынбасары. 1996 жылдан ҚР Мемлекеттік шекарасын қорғау жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының бірінші орынбасары. 1997 жыпдан - Ресей Федерациясындағы ҚР Қорғаныс министрлігі Қарулы күштерінің мемлекеттік шекараны қорғау күштері жедел тобы бастығының орынбасары, бастығы. 1998 жылдан - ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Батыс» Аймақтық басқармасының басшысы. 2003 жылдан - ТМД атқару комитетінің жанындағы Шекара әскер басшылары Кеңесінің өкілі (Минск қаласы). 2006 жылдан - ҚР ҰҚК төрағасының қарамағында. 2008 жылдың қаңтар айынан - ҚР Қаржы министрлігі Кеден бақылауы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Кеден бақылау департаментінің бастығы. 2010 жылдан 2010 жылдың қараша айына дейін - ҚР Қаржы министрлігі Кеден бақылауы комитетінің Қызылорда облысы бойынша Кеден бақылау департаментінің бастығы.
III дәрежелі «КСРО Қарулы күштерінде Отанына қызмет еткені үшін», Қызыл Жұлдыз ордендерімен; 20-дан астам медальмен, оның ішінде «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен; «Құрметті шекарашы», «ТМД қатысушы мемлекеттердің шекараларын қорғауда үздік шыққаны үшін» (2000) белгілерімен марапатталған. Генерал-майор.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста