Алданов Әділхан Шанжарханұлы 1963 жылы 17 шілдеде Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1985 жылы Алматы қаласындағы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1985-1986 жылдары Арал қаласындағы «Казглавводстрой» тресінің №13 жылжымалы механикаландырылған колоннасында тауартанушы, инженер болып бастаған. 1986-1988 жылдары Арал аудандық комсомол комитеті «Аралрыбпром» өндірістік комсомол комитеті хатшысының орынбасары, 1988-1989 жылдары аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, 1989-1991 жылдары аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1991-1992 жылдары аудандық жастар одағының бірінші хатшысы, 1992-1994 жылдары аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің аға ұйымдастырушы инспекторы, 1994-1996 жылдары аудандық пошта бастығының орынбасары, 1996-1999 жылдары аудандық жастар ісі туризм және спорт басқармасының бастығы, 1999-2000 жылдары аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бақылау секторының бас маманы, 2000-2005 жылдары аудан әкімі аппараты ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, 2005 жылдың қаңтар айынан бастап аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы қызметін атқарған. 2013 жылдың 4 наурызынан бастап Арал аудан әкімінің орынбасары қызметіне ауысу тәртібімен тағайын-далды. Отбасылы, 2 бала тәрбиелеп өсіруде.
Алданов Әділхан Шанжарханұлы
Последние статьи автора