Айткүл Байғазықызы САМАҚОВА 1949 жылғы 2 ақпанда Алматы қаласында туған. Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтын, КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебін, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Саяси ғылымының кандидаты.
Еңбек жолын 1967 жылы Алматы жеміс-консервілеу комбинатында бастап, сол жерде 13 жыл әртүрлі инженерлік-техникалық және сайланбалы қызметтерді атқарған.
1980-1991 жылдары – партия органдары қызметінде: Фрунзе аудандық партия комитетінің хатшысы, Алматы қалалық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің сауда және тұрмыстық қызмет көрсету бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
1991 - 1996 жылдары – Қазақстан Республикасы Сауда министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Азаматтық бөлімінің меңгерушісі.
1996 - 1998 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Сенат төрағасының орынбасары.
1999 - 2002 жылдары – ҚР Министрі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы.
2002 - 2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы.
2006 – 2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы.
2007 – 2011 жылдары – IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2012 жылдың қаңтардан бастап V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы фракциясының шешімімен Фракция жанындағы Әлеуметтік кеңестің төрайымы болып бекітілді.
«Парасат» (2007 ж.), «Құрмет» (2001 ж.) ордендерімен, «Еңбек ардагері» (1990 ж.) медалымен марапатталған.
Отбасылы, ұлы және екі немересі бар.
Айткүл Байғазықызы САМАҚОВА
Последние статьи автора