Айдан Тобаниязұлы Кәрібжанов 1971 жылы 10 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы РФ СІМ жанындағы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін бітірген, мамандығы – шет тілі біліктілігі бар халықаралық экономикалық қатынастар маманы.
Еңбек жолын 1992 жылы ҚР «CreditCommercialdeFrance» француз банкінде кеңесші-машықтанушы болып істеген. Ресей Федерациясының мемлекеттік мүлік комитетінде жекешелендіру саласы бойынша жұмыс істеген. 1995-1997 жылдары «ГлобалКазкоммерцСекьюритиз» ЖАҚ-ның бас директорының орынбасары болған. 1997-2001 жылдары «ГлобалКазкоммерц» Инвестициялық банкі» ЖАҚ-ның басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған. 2001-2004 жылдары «VisorHolding» ЖШС-ның басқарушы директоры. 2004 жылы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ның Басқарушы директоры болып сайланған. 2005-2007 жылдары «VisorHolding» ЖШС Директорлар кеңесі төрағасы, президент. 2008 жылы «Самұрық Инвест» ЖШС-ның бас директорының міндетін атқарушы. 2008 жылы қарашада «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның басқарма директоры болып сайланды. 2009 жылдан бері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның басқарма директоры – басқарма мүшесі қызметтерін атқарған. 2009 жылдың 6 наурызынан бастап "БТА Банк" АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі. 2010 жылдың қаңтарынан бері «Альянс Банк» АҚ-ның Директорлар кеңесі төрағасы. 2011 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның басқарма мүшесі. 2012 жылдан бері VisorCapital компаниясының басшысы.
Айдан Тобаниязұлы Кәрібжанов
Последние статьи автора