Әділ Жүнісұлы Ыбыраев
Әділ Жүнісұлы Ыбыраев 1953 жылы 18 желтоқсанда Өскемен қаласында дүниеге келген. М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Алматы саясаттану және басқару институтын бітірген. ҚазТАГ-тың (қазіргі «Қазақ ақпарат агенттігі» ҰК» АҚ) редакторы, аға редакторы, шығарушы редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1982-1988 жылдары - «Ленинская смена» газеті бас редакторының орынбасары. 1988-1990 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Төрағасының кеңесшісі, көмекшісі. 1991-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер Кабинеті Аппаратының бөлім меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер Кабинеті Аппараты ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Іс басқармасының бөлім меңгерушісі. 1997-2002 жылдары - Алматы қаласы әкімінің орынбасары. 2003-2004 жылдары - Қазақстандағы Ресейдің «Известия», «Комсомольская правда» және «Труд» басылымдары Менеджмент, маркетинг және жарнама департаментінің директоры. 2004 жылдан Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің жетекшісі, 2005 жылдан - «Атамекен» одағы Алматы филиалының атқарушы директоры болған. 2008-2013 жылдары - "Караван" республикалық газетінің бас редакторы. 2013 жылғы сәуірден «Ұлттық ғылыми-техникалық орталық» АҚ-ның президенті.