Абзал Сансызбайұлы Мұхимов 1976 жылы 9 наурызда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бесарық ауылында дүниеге келген. Мамандығы - филолог және экономист. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.
1994-2001 жылдары Қызылорда қалалық және облыстық телеарналарда (республикалық телеарналарда қосымша) тілші, аға редактор қызметтерін атқарған. 2001-2003 жылдары «Облыс әкімінің жанындағы жастарды қолдау орталығы» МКК директоры қызметін атқарған. 2003 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Н.Ілиясов ауылдық округінің әкімі. 2003-2005 жылдары Қызылорда облысы, Сырдария аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі. 2005 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас маманы. 2005-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі басқарма бастығының орынбасары. 2008-2010 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары. 2010 жылы Қазақстан Респбликасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі кадрлық және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің директоры. 2010-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры. 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Қызылорда облысының білім басқармасының бастығы.
Абзал Сансызбайұлы Мұхимов
Последние статьи автора