Бүгінгі бокс бұрынғыдан мүлдем өзгерген

Бүгінгі бокс бұрынғыдан мүлдем өзгерген

Өзін көрмесек те, бұл комментатордың дауысына әбден қанықпыз. Лондон Олимпиадасының аясындағы ол жүргізген репортаждарды жібермей қарадық. Енді ше, қазақтың оң жамбасына келетін спорт түрі болғандықтан, спорттың өзге түрлері бір төбе де, боксымыз бір төбе ғой. Финалдық жекпе-жектер аяқтала салысымен кездесудің сәті түсіп, екі апта бойы Тұманды Альбиондағы айқастарды жүргізген комментатор Данияр КӘРІМЖАНМЕН сұхбаттасқан едік.

– Біріншіден, бокссүйер қауымды Серіктің керемет жеңісімен құттықтағым келеді, – деп бастады сұхбатты Данияр Кәрім­жан. – Өткен Олимпиадада төреші­лер аяғынан шалып еді, осы жолы финалда шаршы алаң қожайынымен кездессе де, ешкім оны тоқтата алмады. Керемет жеңіс! Одан бөлек, Вэл Баркер кубогына ие болды. Серік – бұл кубокқа бірден-бір лайық боксшы.
– Ал, сіздіңше, Сәпиевтен бөлек, Бар­кер кубогына лайықты басқа бокс­шылар болды ма?
– Серіктің мықтылығына күмән келтір­мей-ақ қоялық. Ол бәрінен де бір басқа жоғары тұрды ғой. Барлық қарсыласын бір деммен жеңді. Тіпті Андрей Замковой­дың өзі оған еш қауқар көрсете алмады. Десек те, өзіме ұнаған боксшыларды айтып өтейін. Бірінші кезекте Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычконың да техникасы жетік екені көрініп тұрды. Өзге боксшылардан Василий Ломаченконың кереметтілігін атап өтер едім. Сондай-ақ ирлан­диялық Джон Джо Невиннің жұдырықтасу мәнері қатты ұнады. Қарсыласын қасына жақындатпай, алдыңғы қолымен алға созып, қашықтан жұдырықтасатын бұл бокс­шының өзгелерден артықшылықтары көп екен. Эвалдас Петраускастың мықтылы­ғына тәнті болдым. Жартылай финалға дейін өте керемет өнер көрсетті. Жұдырық­тасу мәнері өзгеше екен. Жаныңа бір жақындап қалса болды, біттім дей бер. 
– Біздің боксшылардың өнер көр­сетулері жайлы өзіңізге қандай ой түйдіңіз?
– Жалпы алғанда, федерацияның жос­пары орындалды. Естеріңізде болса, дү­бір­лі дода алдында ұлттық құрамамыздың бас бапкері Мырза Айтжанов бір алтын, бір күміс, бір қоламен оралуға уәде берген. Шынымен де солай болды. Дегенмен де бокста жүлде қорымыз одан да көп болуы мүмкін еді. Әсіресе Біржан Жақыпов пен Данияр Елеусіновке обал болды. Қар­сыластарына қарсы керемет жұдырықтас­қандарымен, төрешілер жеңісті бермеді. Сондай-ақ алыптардың айқастарын қарап отырсаңыз, техникалық мәнері жөнінен Ваняға жетер ешкімнің жоқтығына көз жет­кізесіз. Жартылай финалда шаршы алаң қожайынына қарсы  терезесі тең өнер көрсетті. Егер бұл дода Англияда емес, бас­қа елде өткенде төрешілер, сөз жоқ, жеңісті Дычкоға берер еді. Ал Әділбекке аздап сәттілік жетіспеді. Бірақ, бастысы, Мехонцевті жеңуге болатынын түсінді. Бір сөзбен айтқанда, комментатор болып отырғанда боксшыларымыз үшін көңілім тоқ болды.
– Данияр, Олимпиада ойындарында бокс бағдарламасына комментатор­лық еткендіктен, барлық айқастарды жібермей қарап отырдыңыз. Осы ор­айда, бұл дода бұрынғыларымен са­лыс­тырғанда қандай ерекшелікте­рі­мен есте қалды?
– АІВА-ның бүгінгі саясаты мен ереже­сі­нің дұрыстығына көз жеткізіп отырмын. Бүгінгі бокс бұрынғыдан мүлдем өзгер­ген. Мә­селен, осыдан бірер жыл бұрын ал­ғашқы екі раундта басым түскен боксшы соңғы раундта қашқақтап жүріп-ақ жеңіс­ке жететін. Бұл жолы ондай жекпе-жектерді мүлдем көрмедім. Соңына дейін жанын салған боксшылар ғана жеңіске жетіп жатты. Алғашқы екі раундтағы басымдылық жеңістің кепілі бола алмайтынын көрсетті.
– Енді өзіңіз жайлы әңгіме қозғасақ. Ең алғаш комментаторлық өнерді қашан, қалай бастаған едіңіз?
– Негізі, мен журналистикаға кез­дей­соқ келгендердің қатарынанмын. Әлбетте, Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техника­лық университетінің 2-курсында қаржы мамандығы бойынша білім алып жүрген кезім. Бір күні Қазақ радиосында кастинг жүріп жатқанын естіп сонда бардым. Ұна­сам керек, бірден жұмысқа қабыл­данып, үш жыл бойы сонда қызмет атқардым. Тіп­ті «Спортивный Казахстан» атты жеке бағ­дарламам болатын. Кейін «Қазақстан» теле­арнасына ауыстым. 2009 жыл болатын. Кәсіпқой бокстан промоутерлікке ауысқан Марат Мәзімбаевтың жекпе-жек кешін өткізе бастаған кезі. Мәкеңе барып, комментатор болу жайлы ойымды білдіріп едім, бұл мәселе бойынша «Қазақстан» телеарнасының сол кездегі спорттық продюсері Сәуле Мықтыбаеваға жолығу ке­рек­тігін айтты. Содан не керек, «Бүгін са­ған мүмкіндік беремін. Егер сәтті жүр­гізсең қаласың, сынақтан өте алмасаң, коммен­та­торлық карьераңмен қоштаса бер», – деді. Продюсердің сенімін ақтау үшін жанымды салдым. Содан бері коммента­торлық қызметті атқарып келемін. Бүгінде санап отырсам, Лондон Олимпиадасына дейін елу шақты репортаж жүргізіппін.
– Дегенмен ол репортаждардың барлығы Лондон Олимпиадасымен теңесе алмайтын шығар?
– Әлбетте. Мәселен, осы Олимпиадада бірінші күні эфирден шыққанымда құдды бір бірінші рет комментаторлық жасағандай әсерде болдым. Ертеңінде бүкіл таныстарым телефон шалып құт­тықтап жатты.
– Көрермендердің сын садағына жиі ілінетіндердің бірі – комментаторлар. Жалпы, сынайтындар көп пе? Сынды қалай қабылдайсыз?
– Сынайтындар бар, әлбетте. Ғаламтор парақтарынан өзіме қатысты пікірлер жазылып қалса, міндетті түрде оқимын. Өзі­ме қатысты орынды сындарды көріп қал­сам, шыны керек, қуанамын. Өйткені сол арқылы ғана кемшілігіңді түзеуге болады. Ал жөні жоқ сындарға мән бермейтін бол­ғанмын.
– Эфир алдында отырғанда естен кетпес қызықты оқиғалар немесе ың­ғайсыз жағдайлар болды ма?
– Кібіртіктеп қалған немесе сөз таппай қалған кездерім болмапты. Бірақ кейде боксшыларды таныстыру кезінде ыңғай­сыз, атауға келмейтін есімдер кездесіп қалып жатады. Мәселен, бір жолы қы­тай­лық бір боксшының есімін атай алмай қатты қиналдым. Айтайын десем ыңғай­сыз. Сосын бастапқыда аты-жөнін толық таныстырдым да, артынан «қытайлық бокс­шы Ли» деп атай бердім. Тағы бірде жерлесіміз бен тайлық боксшы кездесіп қал­ды. Оның да аты-жөні қызық – Саман Сучисан. Содан біразға дейін кездескен таныс­тарым «Қалайсың, Саман Сучисан?» деп амандасып жүрді. Иә, егер репортаждар жүргізе берсем, әлі талай қызықтарға кенелетін шығармын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста