Мағазы Масанчи- мемлекет қайраткері.

Мағазы Масанчи- мемлекет қайраткері.

Мағазы Масанчи 1885 жылдың 14 шілдесінде Верный қаласында көп балалы, кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Бала кезінде мал бағып, егістікте жұмыс істеп күн көріп жүрген Мағазыны 1908 жылы патша әскеріне шақырып, сол жылы ол әскерге кетеді. Содан он жылдай әскери қызметте жүреді. 1916 жылы Ташкент запас полкіне жаңадан алынғандар арасында большевиктердің тапсырмасы бойынша соғыс пен патша өкіметіне қарсы үгіт жұмысын жүргізген. 1917 жылы патша өкіметі құлағаннан кейін Масанчи солдаттар комитетіне сайланып, Ташкент жұмысшылары мен солдаттарының қарулы көтерілісіне қатысады. Сөйтіп 1917 жылдың 1 қарашасында Түркістан өлкесінің орталығында Совет өкіметі орнайды. 1918 жылы ол Коммунистік партияға мүшелікке қабылданады. Содан 1919 жылдың қаңтар айында Ташкент қалалық Советіндегі горнизон өкілі болуға жіберіледі. Қаңтардың 18 күні қызыл гвардия отрядының құрамында осипшылардың Совет өкіметіне қарсы бүлігін жоюға белсене қатысқан.

Қызыл гвардияшыл мұсылман отрядтарын бастап басмашылар мен «Қоқан автономияшыларына» қарсы күрескен. 1920 жылдың 5 наурызында Верныйға қайтып келіп, Верный күзет батальонының командирі болып тағайындалады. Наурыз айының аяғында ақгвардияшылардың Прежевальск уезінде болғалы жатқан бүлігін жоюға жіберіледі. 1920 жылы республика басшылығының бұйрығымен Ораз Жандосов, Абдолла Розыбакиев сынды өзінің жақтастарымен Верный қаласында 8-ші қырғыз (қазақ) бригадасын ұйымдастырады.

Кейін Түркістан дүнгендерінің жеке атты әскер полкі құрылып, оны басқару Мағазы Масанчиге тапсырылады. 1921 жылы ол Түркістан АССР ОАК мүшелігіне сайланып, Коминтеридің ІІІ-ші Конгресіне делегат болып қатысып, сол кезде В.И.Ленинмен кездескен. Содан 1922 жылдың наурыз айында партия Мағазыны Верныйға жұмысқа жібереді. Верныйға келіп ол Жетісу облысы әкімшілігі басқармасының бастығы болып тағайындалады. Сол кезде облыс жер бөлімі коллегиясының мүшесі, Жетісу облысы кооперация одағының басқармасы мен «Қосшы» одағы обкомының мүшесі болып сайланады.

1922 жылы Жетісу комсомолының ІІІ съезінде Түркістан Коммунистік Жастар Одағының құрметті мүшесі болып сайланған. Кейінгі уақытта Өзбекстанда біраз уақыт кеңестік органдарда жауапты қызметтер атқарып, 1936 жылы Верный қаласына қайтып келіп Қазақ КСР әкімшілік-шаруашылық басқармасын басқарады. 1937 жылы Мағазы Масанчи Ташкент қаласына іс-сапармен барғанда НКВД тарапынан тұтқындалып, сол жылы «халық жауы» ретінде ату жазасына кесіледі. Оның есімі тек 1957 жылы ақталып шыққан.
http://yvision.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста