Туыстарына телефон арқылы қоштасу хатын жолдап, кейін із-түзсіз жоғалып кеткен павлодарлық тұрғын өлі күйінде табылды деп хабарлайды Newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Белгілі болғандай 38 жастағы Абат Бабеновтың денесі кеше өлі күйінде табылған. Әзірге ер адамның не себепті көз жүмғаны белгісіз болып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін тұрғынның туыстары оның үйге келмегенін айтып, дабыл қаққан еді. Ер адам сол күні жақындарына телефон арқылы дыбыстық хабарлама жіберіп, онда олармен қош айтысатынын жеткізген.
Туыстарының мәлімдеуінше, Абат Бабенов хабарламаны Ақсу қаласындағы саяжайлардың бірінен жолдаған.