Қапшағайда қыз бен жігіт электр бағанасына асылған күйі табылды

Отбасылық жанжал өлімге итермелуі мүмкін. Алматы облысында өзіне қол салған ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты тұрғындар түрлі болжам айтуда, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Сұмдық оқиғаны естіп есеңгіреген Қапшағай қаласының кей тұрғындары жас жұбайлар өздігінен мұндай қадамға барды дегенге сенбейді.  Қыз бен жігіттің өлі денесі жоғарғы вольтты электр бағанасына асылған күйі табылған.

 

Ләйлә Мұрат, Қапшағай қаласының тұрғыны:

 

- Бізге келген суретте осы жерде екеуі асылып тұрғанын жіберді. Екеуі жақында құдаласқан 23 жастағы ер бала, 18 жастағы қыз. Казинодан шықты деген әңгіме айтылды. Өздері асылғанға ұқсамайды.

 

Мәйіттерді сол маңнан кездейсоқ өтіп бара жатқан тұрғындар көріп полиция шақыртқан.

 

Аза бойыңды қаза қылатын оқиға Қапшағай қаласының орталығында болыпты.

 

Жас жұбайлардың асылып тұрған суретіне қатысты қапшағайлықтар түрлі қауесет таратып үлгерген. Кей адамдар оларды өлтіріп, сосын асып қойған десе, енді бірі ата-аналары неке қиюға рұқсат бермеген соң өмірін өлімге қиған деседі.

 

Алайда полиция департаменті мұндай алып-қашпа әңгімелерді жоққа шығарды.

 

Сараптаманың қорытындысына сәйкес, ерлі-зайыптылардың денесінде зорлық-зомбылық белгісі табылмаған. Көз жұмған жігіт – 22, қыз 18 жаста екен.

 

Оқиғаның себеп-салдарын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Әбілтай Әбенов, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

 

- Жас ерлізайыптылардың өзіне қол жұмсау фактісі бойынша ҚР ҚК 105-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Тергеу Қапшағай қаласының полициясында жүргізіліп жатыр. Істің барлық мән жайы анықталуда.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста