Маңғыстауда таяқ пен бөтелке ұстағандардың жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды
Маңғыстау облысында кеше жаппай төбелес болды. Тәртіп сақшылары алты күдіктіні анықтап, ұстады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.
Zhest_kz Telegram арнасында жаппай төбелестің видеосы жарияланды.
Кадрларға қарағанда төбелескендер қолдарына таяқ алып, бөтелке лақтырған.
Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 15 шілде күні сағт 03.30-да Бейнеу ауылындағы Д. Тәжиев көшесінде болған.
"Полиция қызметкерлері 24-25 жастардағы 6 күдіктіні анықтап, ұстады. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі бойынша Бейнеу аудандық полициясының СТБТ тіркелді. Тергеу мүддесіне сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды", - деп хабарлады полициядан.
Назар аударыңыз! Видеода жантүршігерлік кадрлар мен бейәдеп сөздер бар.