AVON CRUELTY FREE INTERNATIONAL LEAPING BUNNY бағдарламасының мақұлдауын иеленді

AVON CRUELTY FREE INTERNATIONAL LEAPING BUNNY бағдарламасының мақұлдауын иеленді

Avon компаниясы Cruelty Free International компаниясымен ынтымақтастық туралы жариялады, осының аясында жаһандық косметикалық бренд этикалық өнімдердің әлемге әйгілі алтын стандарты - Leaping Bunny бағдарламасының сертификатын иеленеді.

 

Leaping Bunny бағдарламасының мақұлдауы Avon-ның жануарларды қорғауға бағытталған 30 жылдық міндеттемесін растайды және Avon-ның жануарларды сынақтан өткізуге бас тартқан алғашқы халықаралық косметикалық компания1 мәртебесін көрсетеді. Leaping Bunny мақұлдаған алғашқы Avon өнімдері Fragrance (парфюмерия желісі), сондай-ақ Avon Care (бет және дене күтімі санатындағы өнімдер) және Anew (бет күтімі өнімдері) болды. Барлық басқа өнім желілері 12 ай ішінде мақұлдануы керек.

 

Cruelty Free International Leaping Bunny халықаралық бағдарламасы cruelty-free өнімдерінің халықаралық мойындалған алтын стандарты болып табылады, оның талаптары жануарларды сынауды шектейтін заңдардан асып түседі. Мақұлдауды иелену үшін бүкіл Avon жеткізу тізбегі Leaping Bunny қатаң өлшем шарттарына сәйкес мұқият тексеруден өтті.

 

Бағдарлама қатысушылардан жеткізушілерді бақылау жүйесін енгізуді, ингредиенттер өндірушісінің деңгейіне дейін жеткізу тізбегін тексеруді, жануарларды сынау (FCOD) өндірісін тоқтатудың белгіленген күні саясатын сақтауды және стандарттарға сәйкестікті сақтау үшін тұрақты тәуелсіз аудиттерді жүргізуді талап ететін жалғыз этикалық өндіріс стандарты болып табылады. Leaping Bunny талаптары туралы қосымша ақпаратты мына сілтемеден табуға болады.

 

Avon компаниясы үш онжылдық бойы жануарларға арналған косметикалық тестілеуді тоқтатуға және баламалы зерттеу әдістерін тануға ұмтылуда. Avon мақсаты - тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын және жануарлардың әл-ауқаты принциптеріне, жоғары қауіпсіздік стандарттарына, нормативтік талаптарына және сәйкестікке қайшы келмейтін этикалық өнімдерді өндіру.

 

2017 жылдан бастап Leaping Bunny сертификатын алғысы келетін брендтер саны 190% - ға өсті. Бұл cruelty-free өнімдеріне жаһандық тұтынушылық сұраныс брендтердің жұмысына әсер ететінін көрсетеді.

 

Cruelty Free International компаниясының бас директоры Мишель Тью былай дейді: «Мен Avon компаниясымен серіктестігімізді жариялауға қуаныштымын. Бірлескен күш-жігермен біз косметиканы жануарларда сынауды тоқтатуға көмектесеміз. Leaping Bunny бағдарламасы арқылы Fragrance, Avon Care және Anew желілерін мақұлдау жаһандық Avon бренді үшін биік белес болып табылады. Мен алдағы 12 айда өзара ынтымақтастығымызды жалғастыруды және Avon өнімдерінің барлық ассортиментінің мақұлдау алуын асыға күтемін. Leaping Bunny отбасына қош келдіңіз!».

 

Әсел Садықұлова, Орталық Азиядағы Avon бас директоры: «Біз Avon-да өнімдерді жануарлар арқылы сынауды өткеннің белгісі ретінде санаймыз. Технология мен ғылымның дамуының арқасында бүгінде біздің өнімдеріміздің қауіпсіздігін растау үшін көптеген балама тестілеу әдістері бар. Әлемді жақсы ортаға айналдыруға ниет етуге ұмтылатын бренд ретінде біз Avon компаниясының Cruelty Free International компаниясымен серіктестігін мақтанышпен жариялаймыз*».

 

Cruelty Free International ұйымы туралы

Cruelty Free International - жануарларға эксперимент жасауды қаламайтын немесе қажет деп таппайтын әлемді құруға бағыт алған жетекші ұйым.

Ұйым сарапшылар тобын, марапаттарға ие науқандарды, саяси лоббизмді, ғылыми және құқықтық білімді және корпоративтік жауапкершілікті біріктіреді. Дүние жүзіндегі адамдарды жануарларды құрметтеуге және қорғауға үйрету, шақыру және шабыттандыру арқылы біз зертханалардағы жануарлар өмірінің шындығын зерттеп ашамыз, жауапты құрылымдарды жануарлар үшін жағдайды жақсырақ шарттарға қарай өзгертуге шақырамыз, ғылымды жетілдіру мен қатыгездік жоқ өмір сүруді қолдаймыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста