Астанада бала көтерген ер адамның соққыға жығылған сәті видеоға түсіп қалды
Астанадағы ірі сауда және ойын-сауық орталығының тамақтанатын орнында төбелес болып, оның барысында бір ер адам екіншісіне жұдырықпен шабуыл жасаған - оның қолында кішкентай бала болған. Әлеуметтік желіде оқиғаның бейнебақылау камераларына түсірілген видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Зардап шеккен тарап істі тежеген полицияның үстінен шағымданған - қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты.
Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін Астана полиция департаментіне жүгінді.
"Бұзақылық дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл ретте полиция қызметкерлеріне қызметтік тексеріс тағайындалып, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетін болады. Басқа мәлімет жарияланбайды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.