Ақтөбе облысында газ құю бекеті жарыла жаздады
Түн ортасында жер асты резервуарын газға толтыру барысында от тұтанып, тілсіз жау газ таситын көлікке тиген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдай Қобда ауданы орталығынан 7 шақырым жердегі Самара-Шымкент тас жолының бойында болған.
Резервуарға газ толтыру барысында тұтанған от көптонналы газ таситын көлікті шарпыған.
Абырой болғанда өрт сөндірушілер шалт қимылдады. Өйтпесе жарылыс болар еді дейді мамандар.
Жағдайдың қауіптілігінен оқиға орнына өрт сөндірушілермен қатар өңірдің төтенше жағдай департментінің басшылығы да жетіпті.
Алапат өрт 2 сағатта әрең сөндірілді.
НҰРХАТ ҚАЛДЫБАЕВ, Ақтөбе облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары:
- Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өрт басқа нысандарға ауысқан жоқ. Өрттен газ құю станциясының ғимараты, 20 тоннналық газ тасымалдаушы автокөлігі, және қасында тұрған газель автокөлігі өрттен құтқарылды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz