Алматыда жігіттің соққыға жығылған сәті видеоға түсіп қалған

Алматыда жігіттің соққыға жығылған сәті видеоға түсіп қалған

Қарасай ауданында жігіт соққыға жығылды. Оқиға 14 маусымда кешкісін "Асыл Арман" шағынауданында болып, бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видео сипаттамасында жігітті жұдырыққа киетін жез құралмен сабағаны айтылады. Жәбірленушінің бет сүйегі сынған, маңдайы жыртылған, миы шайқалған.

 

Кадрда бірнеше адамның бір жігітке қалай жақындағанын көруге болады. Қысқа әңгімеден кейін олардың бірі қарсыласының басынан соққы жасайды, содан кейін тағы да ұра жөнеледі.

 

 

Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов Instagram-парақшасында оқиғаға қатысты пікір білдірді.

 

"Қарасай аудандық полиция бөліміне 2004 жылы туған азамат Д., бұзақылық ниетпен өзіне дене жарақатын салған белгісіз тұлғаға шара қолдану туралы арызданған. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша аудандық ішкі істер органдарына тіркелді.

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер 19 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Аталған факт бойынша тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді Әленов.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста