NUR.KZ оқырманы редакцияның WhatsApp +7 771 718 15 57 нөміріне Алматының қоғамдық көліктерінің бірінде кондуктор асаба болып жүрген жігіттің қызықты видеосын жолдады.
"Басымызға бақ қонған Алла қалап,
Бақытты бағалаған ол да ғажап!
Аспан асты, жер үстін той қып жүрген,
Ассалаумағалейкұм, арма қазақ!", - деп сөзін бастаған кондуктор жолаушыларды күлкіге қарық қылды.
Жас жігіттің айтуынша, өзі Қызылорда облысы Шиелі өңірінің тумасы екен.