«Ағам баласымен бірге өрт ішінде қаза тапты» – орманшының туысы

Әуел баста 3 гектардан басталған өрт санаулы күн ішінде 60 мың гектар алқапқа жайылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар24»-ке сілтеме жасап.

Екі аптаның ішінде Семей орманы резерватында екі бірдей өрт шықты. Алғашқысы 3 500 гектарға жетіп тоқтады. Соңғысының арыны қиын. 8 маусымда Батпаев орманынан басталып, әлі тарап жатыр. Камышенка, Каштак, Успенская орманшылықтарына өтті. Темірлан Көпбаев – орман іргесіндегі Поднебесный ауылына от тимесін деп жанталасқандардың бірі.

 

Жалынның сағаттап  өршігенін көзімен көрді.

 

Өрт сөндіруші Көпбаев Темірлан:

 

– Жел соғады да қайта лаулап жанады. Қарап тұрсаңыз, бірден өте шығады жаныңыздан болды. Орман ішінде қалып қаласыз.

 

Әп дегенде 30 адам жұмылдырылса, қазір бұл көрсеткіш 50 есе артты. Екпінді жел, аптап ыстық, құм басқан жол. Осының бәрі отты үдете түсті.

 

Нұрболат Дербісов:

 

– Бірінші кезде өрттің пайда болуы күн бұлт болып, найзағай тұрған болатын, сол найзағай себебінен өрт тұтанған.

Қарағайлы орман түбіндегі ауылдан маза қашты. Үш үй жанып кетті. Ержан Нұркәрімовтің баспанасынан қалғаны – осы. Өзі ол сәтте үйде болмапты. Әкесі қараша үйдің жанғанын төбе басына шығып қарап қана тұрған.

 

Ержан Нұркәрімов, Барышевка ауылының тұрғыны:

 

– Үйім, құжаттарым жанып кетті. Дүние-мүліктің бәрі жанды. Киім-кешек жанды, қояндар жанды, тауық жанды. Бар үлгергеніміз үлкен қара бас малды шығарып және техника алып үлгердік.

 

Каштак, Барышевка Успенка сияқты бірнеше ауылға қауіп төнді. Сондықтан ондағы ел Семей мен Бородулиха ауылында ашылған эвакуциялық пунктке жеткізілді. Алексей Белов – орман шаруашылығында тракторшы. Көлігімен от ортасында қалып қойған. Бастапқыда жерлестері оны мерт болды деп санаған.

 

Алексей Белов, Успенское ауылының тұрғыны:

 

– Мен от ортасында қалып қойдым. Ондайды бұрын-соңды көрген жоқпын. Бет қаратпайды. Тракторды тастап қашпақ та болдым. Ақыры техниканы да алып шықтым, өзім де аман құтылдым.

 

Өрт басталған күні 14 орманшыдан хабар үзілді. Алдымен үшеуінің денесі табылды. Қалғаны аман болар деген үміт бар еді. Ақталмады. Бәрі бақилық болды. Біреудің ағасы, біреудің әкесі, біреудің анасы. Тіпті, әкелі-балалы азаматтар да көз жұмды.

 

Евгения Кузьмина, марқұмдардың туысы:

 

-Қайтыс болғандар арасында менің ағам мен оның баласы бар. Ағам енді ғана зейнетке шығып еді. Бауырым қыршыннан қиылды. Ішім удай ашып, көңілім құлазып тұр.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста