Ауыл мәдениеті қашан айығады?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Ауыл – қашаннан-ақ қазақтың алтын бесігі. Ауылдың жағдайын түзеу деген, ең алдымен, қазақтың жағдайын түзеу, ауыл мәдениетін көтеру күллі қазақтың мәдениетін көтеру деген сөз.

Әрине, тоқсаныншы жылдардың басындағы өтпелі кезеңдегідей емес, ауылдың жағдайы бүгінде айтарлықтай түзелді. Ел еңбекке бет бұрып, тұралаған шаруашылықтардың түтіні қайтадан түзу шығуға айналды. Мәдени тұрғыдан алғанда да, оңды өзгерістер жоқ емес. Жабылған кітапханалар мен аудандық, ауылдық мәдениет үйлерінің бірқатарына қайтадан жан біте бастады. Бірақ осыған малданып, орны толмас олқылықтарға көз жұмып қарауға бола ма? Мәселен, кезінде талай құнды кітаптары ұстағанның қолында кеткен кітапхана қорларын қалай толықтыра аламыз? Техникалық құрал-жабдықтары мен арнайы қондырғылары талан-таражға түскен кинозалдар мен мәдениет ошақтарын қалпына келтіруге жергілікті билік қаншалықты құлықты? Жалпы, ауыл мәдениетінің дамуы көпшіліктің көңілінен шыға ма?

Бұл ретте «Қала мен ауыл мәдениетінің арасы алшақтап бара жатыр. Алматы космополиттік қалаға айналды, онда жаһандану мәдениетінің элементтері басымдық алуда» деп есептейтін Мәдени саясат және өнертану институтының директоры Ерлан Саиров: «Біздің негізгі мақсатымыз – мәдени алшақтықты реттеп, ақырындап болса да, оны бір деңгейге келтіру. Негізі, ел арасында «кеңес өкіметін құлатқан – «Битлз» тобы» деген ұғым бар. Мұнда өздері келмесе де, елдің бәрі оның әндерін тыңдады. Яғни шекараны бірінші болып бұзған мәдени құндылықтар болды», – деген пікірде. Шын мәнінде, ауыл мен қаланың арасындағы алшақтықтың тігісін де, ең алдымен, мәдениет арқылы жатқызуға болатын-ды. Дәл қаладағыдай сәнді сарай, театр, кинотеатр, цирк, саябақ салып тастамасақ та, ауыл-ауылдағы мәдениет үйлерін жаңа жобамен қайта тұрғызып, жергілікті халықтың мәдени демалысын дұрыс ұйымдастыра білсек, құба-құп болар еді. Сондай-ақ клубты күні бойы қара құлыпқа күзеттірмей, дойбы, шахмат, ән-би, домбыра, әдебиет, театр үйірмелерін, спорт секцияларын ашып, ауыл жастарын өнерге, спортқа баулу қаншама таланттың талабын ұштап, қанатын қатайтар еді! Себебі осы күні ел аузында жүрген өнер, әдебиет, сахна жұлдыздарының қай-қайсысы болсын, кезіндегі сол ауыл клубының сахнасынан түлеп ұшқандарын сағынышпен еске алады әрі ауылға өнер сапарымен келген әйгілі шеберлерге, белгілі жұлдыздарға тәнті болудан өнерге деген қызығушылықтары оянғанын айтады. Бір анығы, бүгінде танымал әртістер, театр ұжымдары ауыл-ауылға гастрольге сирек шығады. Қаржы-қаражат мәселесі – өз алдына, мұндағы негізгі себептердің бірі – ауылдық клубтарда үлкен ұжымдар мен өнер шеберлерінің лайықты өнер көрсетуіне қолайлы жағдайдың жоқтығы. Қыста – қақаған суық, жазда – шіліңгір ыстық, одан қалса, залдағы сапасыз акустика. Әйтеуір, толып жатқан жайсыздықтар. Осының салдарынан ауыл жұртшылығы жан-жақты мәдени ақпарат алу, театр, кино жетістіктерімен сусындау сияқты жақсылықтардан сырт қалып отыр. Соңғы уақыттары шыққан қазақ киноларының ауыл көрерменіне жеткені некен-саяқ. Бұрын мұндай игі жаңалықтардың бәрі телерадио эфирі арқылы да таралып келген. Дегенмен қазір Алматының түбінде отырып та, отандық телеарналардың бағдарламаларын көруге зар болып жүрген ауылдар жетіп-артылады. Әдетте мәдениеті дамыған ел ғана толыққанды мемлекет болып саналады деп жатамыз. Өкінішке қарай, мемлекеттік саясаттың саясат пен экономиканы ғана емес, құқық пен денсаулық, ғылым-білім, спорт, өнер, салауатты өмір салты іспетті сан алуан мәдени аспектілерді де ауқымды түрде қарастыруы, қамтуы шарт екендігін ескере бермейміз. Рас, ауылдың тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін жандандыруға бағытталған «Ауыл жылы», «Дипломмен – ауылға» тәрізді жобалар қолға алынып та жатыр. Бірақ мұндай құптарлық қадамдар бір реттік, уақытша ғана шаралармен шектелмей, үнемі жалғасын тауып жатса, игі еді.

Қалай болғанда да, ауылға, ауыл мәдениетіне немқұрайды қарауға болмайды. Сөзімізді медицина ғылымының докторы Советхан Ғаббасовтың сөзімен түйіндесек, «Ауылдық мәдениет – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы салт-дәстүріне сүйенген, дәстүрлі мәдениет. Қаладағы өркениетті мәдениет содан ауытқып барады. Қазіргі космополитизм халқымызға қасірет шектіріп отыр. Бұл – ұлттық идеологияның жоқтығы. Бізге халықты домбыраның қос ішегіндей біріктіретін идеология керек».

Бір пікір
Алдан СМАЙЫЛ,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Аудандар мен ауылдық округтердің орталықтарында кітапханалар, мәдениет орындары қалпына келтіріліп жатыр. Мұндай игі өзгерістердің одан әрі өрістеуі үшін тиісті мемлекеттік органдар тарапынан нақты қолдау қажет. Атап айтқанда, бүгінгі ауыл мәдениетінің жетістігі мен олқылығы жан-жақты зерттелуі тиіс. Өйткені ауылға қатысты бірқатар мәселелер әлі де өзекті күйінде қалып отыр. Мәселен, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жарық көрген құнды еңбектер ауыл кітапханасына жетпейді. Яғни осындай мол мұраның қызығын ауылдық жердегі мыңдаған-миллиондаған тұрғындар көре алмай отыр. Сол сияқты жаңа технологиямен жабдықталған ірі кинозалдардың да қалада, ауылда бірі де жоқ. Ауылға қатысты проблемалар еліміздің барлық өңірлерінде бірдей орын алып, қалыптасып отыр. Сондықтан да ауыл мәдениетін одан әрі дамыту жөнінде жаңа республикалық бағдарлама әзірлеудің керектігі айқын аңғарылуда...

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста