Ағайынды Асылхан мен Артур Төлеповтердің сүйіктілері желі қолданушыларын жаңа суреттерімен тәнті етті. Айсұлу Нарымбекқызы мен Мадина Төлепова желіге бірге түскен фотоларын жүктеп, ел арасында олардың өзара араз екені жөніндегі қауесеттерді жоққа шығарды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бүгінде бір шаңырақ астында, ата-енесімен тұрып жатқан қос абысын жаңа фотосессиясымен араларындағы татулықты көрсетті.
Аталмыш суреттерді Instagram желісінде Асылханның әйелі жариялаған.
Мадина мен Айсұлудың фотосы оқырмандарды сүйсіндіріп, сансыз пікірлерге ие болды. Олардың басым көпшілігі абысындардың татулығына тамсанып, оларға деген жылы лебізін білдірген.
"Сұлусыздар. Бақытты болыңыздар" , "Көз тимесін татулықтарыңызға", "Сондай керемет отбасы" , "Айсұлу енесіне, Мадина атасына ұқсайды екен" , "Абысындар тату болған жақсы. Жолдастарыңыз бақытты шығар" , "Мырзаларыңыздың бағы екі елі екен" , "Әрқашан жүздеріңнен күлкі кетпесін" , "Татулықтарың мәңгі болғай " , - деп жазуда желідегілер.