"Шпиондарым бар": Мақпал Жүнісова жалғыз қызын қалай бақылауда ұстайды?

"Шпиондарым бар": Мақпал Жүнісова жалғыз қызын қалай бақылауда ұстайды?

Мақпал Жүнісова бойжетіп қалған жалғыз қызы үшін алаңдап жүргенін жасырмады. Халық әртісі тіпті кинотеатрға жиі баруды әдетке айналдырған Мерейді арнайы адамдардың көмегімен бақылайтынын ашып айтты деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 

"Ойбу, қазір бақылау одан сайын артып кетті. Қыз баласы болғаннан кейін... Қазір бұлардың ортасы да кеңейіп жатыр ғой. Бір-бірімен танысады, кездескілері келеді.

Киноға жиі баратын болды мысалы. Әрбір дүкені бар кинотеатрда өзімнің шпиондарым бар. "Бүгін менің қызым сіз жаққа кетіп бара жатыр" деп... Сенесің, бірақ тексеріп отырасың.

Өйткені біз қызымыз екеуміз анасы мен баласы сияқты емеспіз. Біз кәдімгідей сырлас, құрдас сияқты. Бойы менен ұзарған сайын құрбым сияқты болып кетті.

Сосын оған "Менен ұялмай, барлық сұрақтарды сұрай бер. Сосын біреумен танысатын болсаң, оны да маған айт. Басыңды жұлып алмаймын. Кесіп алмаймын. Бірақ мен кіммен араласып жүрсің, біліп жүрейін. Қай жақтың баласы немесе қызы?" деп айтып қойғанмын.

Ол міндетті түрде жігіттермен араласу емес. Кейде қыздардың өзі жаман ортаға алып кетуі мүмкін. Үйде қанша тәрбие берсең де, кіммен қандай әңгіме құрғанын мен біліп отыруым керек.

Мерейге "Сен ештеңе жасырма. Саған бірнәрсе болса, мен араласатын адамыңды білмей қалсам... Құдай өзі сақтасын. Маған айтады ғой "Сен қандай ата-анасың? Кіммен араласатынын, қайда жүргенін білмейсің" деп кінәнің бәрін маған тағады" деп айттым", - дейді Мақпал Жүнісова.

Сондай-ақ, әнші қызы Мерейдің мектеп бітірген соң шетелде білім алуды армандайтынын жеткізді.

"Енді қызым "мектеп бітіргеннен кейін Қазақстанда қаламын" деген уәделі сөзі бар еді. Ал биылғы әңгімесі басқаша. "Мен дегенмен де шетелде оқитын шығармын" деген әңгіме шықты.

Мен "Сонда мен қайда қалам?" деп айттым. Қызым "Менімен барасыз" дейді. Енді екіұшты ойда отырмыз. Қыз баланы жалғыз шетелге жіберу жағынан қорқып жүрмін.

Ойлап қоямын. "Шетелге кеткенше, шет елге баратын бір қазақпен танысса екен. Сол жаққа бірге барып, бірге оқыса екен" деген армандар болып жатыр. Елдің бәрі жіберіп жатқасын, мен де ойланып қалдым. Білмеймін енді. Әзірге шешіле қойған жоқ", - деді халық әртісі.

Естеріңізге сала кетейік, Мақпал Жүнісованың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста