Бір-біріне қатты ұқсайтын жұлдыздар (фото)
Кей-кездері табиғат әр адамды ерекше етіп жаратудан шаршайтын сияқты.look.tm сайты өздерінің көшірмесін тапқан танымал арулардың тізімін жасады.
Олар бір-бірінен айнымай қалғанымен, араларында ешқандай туыстық қатынас жоқ.
Линда Вайтова жұмысында Жизельдей жетістіктерге жетіп үлгермесе де, келбетімен біраз адамды таң қалдырды. Мода әлемінде танымал Жизельге Линданың бұлайша ұқсауы сирек құбылыс.
Әр түрлі планда фотоға түскенімен, модельдерді бір-бірінен ажырату қиын. Көрсетілімдерде екеуін халық жиі шатастырады екен. Сондықтан Хизер мен Джессика кей-кездері, қажет болғанда, жұмыста бір-бірін алмастырып отырған.
Интернетте Даутцен мен Дениз арасында туыстық қатынас бар ма деген сұрақ жиі көтеріледі. Қыздар бір-бірінен аумайтыны соншалық, тіпті бізге де кімнің-кім екенін ажырату оңайға соқпады.
Кімнің-кім екенін ажыратып көріңіз. Олардың келбетімен қоса мінездерінде де ұқсастық бар. Екеуі де жұмысына сүйіспеншілікпен қарайтын еңбекқор жандар.
Кастинг басшылары Наталья Водянованың еуропалық жұлдыздан айнымайтынын бірден байқаған. Мұндай ұқсастық нижегородтық модельдің танымал болуына септігін тигізді.
Мансап жолын жаңа бастағанда Синдиге “Кішкентай Джиа” деген есім берген. Айналасындағылар модельдердің қатты ұқсауына таңданысын жасырмайды.
Екі модель де іш киімдерді жарнамалап, жартылай жалаңаш түсе береді. Victoria’s Secret Show-ына қатысады. Бір-біріне қатты ұқсайды. Жалғыз айырмашылық – Адриана Барбарадан 12 жасқа үлкен.
Дизайнерлерді модель Саша Пивоварованың қуыршақ сияқты сұлу болуы қызықтырған болатын. Біраз жылдан соң модельдің өзінен айнымайтын сыңары пайда болып, дизайнерлердің қуыршақтар коллекциясы тола түсті.
Жас модель Лайн танымал Кара Делевиньді қуып жетуге шақ қалды. Ол жетістіктерге жеткен Караға жұртшылықтың өзін ұқсатуын мақтаныш санайды.