Байқау! Байқау! Байқау
Аяулы қыз-келіншектер! Халқымыздың салт-дәстүрін ұлықтап, ұлттық болмысымыздың мәнін ұғыну мақсатында
«Мен сыйға тартқан орамал» клубы
«Орамал таққан асылым» атты байқау жариялайды.
Байқауға қырық жасқа дейінгі қыз-келіншектер қатыса алады. Бастысы, орамал арқылы отбасылық құндылықтарды дәріптеп, үлгілі қазақ әйелінің образын көрсетуге ынталы болса жетіп жатыр.
Байқау шарттары:
І-кезең: Сахнада өзін өзі таныстыру
ІІ-кезең: Өнер арқылы орамалды дәріптеу
ІІІ-кезең: Орамалдың сәндік үлгісі
Байқау жеңімпазына бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Қатысу үшін осы жазбаның астына «Байқауға қатысуға өтініш білдіремін» деген пікір мен телефон нөміріңізді қалдыруыңыз керек. Модератор өтінішті қабылдап, сізге өзі хабарласады.
Өтініш 11 03 2016 жылға дейін қабылданады. Қазақ қыз-келіншектерінің бүгінгі үлгілі орбазын анықтауға қатысыңыз, қапы қалмаңыз!