«Жылап отырмын»: Атышулы айтыскер Айшолпан Тілеутай өзіне араша түскен Ринат Зайытовқа алғысын айтты

«Жылап отырмын»: Атышулы айтыскер Айшолпан Тілеутай өзіне араша түскен Ринат Зайытовқа алғысын айтты

Соңғы кездері Айшолпан Тілеутай атты айтыскер арудың басы даудан арылмай жүр. Таяуда ғана Fly Arystan әуе компаниясының қызметкерлері қазақтың ұлттық аспабымен ұшаққа кіруге рұқсат бермей қойғанын жұрт жақсы біледі. Бұл жолы өнердегі шәкіртіне Ринат Зайытов араша түсті, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат порталы.
Еске сала кетсек, Fly Arystan қызметкерлері әуежайда домбырасын қызғыштай қорғаған айтыскер қызды кезек-кезек жұлқылап, әбден әбігерге салғанын ақын өзінің видеоүндеуінде ашық айтқан еді.
Жанары жасқа толып, ашуға булыққан Айшолпанның дәл сол бейнежазбасын көрген ел бірден елең етіп, әуежайдағы шулы оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Тіпті депутаттардың да құлағына жеткен. Күні кеше өткен үкімет сағатында мәжілісмен Ринат Зайытов сол мәселені қозғады. Ол Қазақстан республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Азамат Бейісбековке бұл олқылықты тез арада шешуін сұрады.

«Әуе компаниялардың ұлттық аспаптарға қарсылығы жоспарланғандай жүріп жатыр. Азамат Өмірзақұлы (ИИДМ вице министрі), домбыра деген – ішінде бірде-бір металы жоқ, қойдың ішегі, қарағай ағашынан басқа құрамында ештеңе жоқ. Бұл – бір. Екіншіден, «нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген Қадыр Мырза Әлінің сөзі бар. Әуе компанияларыңызға дұғай-дұғай сәлем айтыңыздар. Кімдікі болса да, шешіп беріңіздер: қазақтың саусаққа толмайтын 4-5 аспабы бар. Сол аспаптар ұшаққа кіруге рұқсат алсын. Ала алмайды екен – Алматы мен Астананың әуежайына кемінде мың домбырашыны қойып, «Адай» күйін ойнатып, жалынып сұрайық қолдарыңыздан келмесе», – деді депутат Ринат Зайытов.
Алайда аталған жауапты министрліктің өкілі Зайытовтың тарапынан қойылған тосын сұраққа мардымды жауап бере алған жоқ. Дау тудырған мәселені шешуді тағы кейінге қалдырды. Ал атышулы Айшолпан өзіне араша түсіп, ұлттық аспабымызды ұшаққа кіргізуге рұқсат бермегендерге дұғай-дұғай сәлем жолдаған Ринат ағасына алғысын айтып, жеке парақшасына жазба жариялады.

«Қолымнан жетектеп, ең алғаш үлкен айтысқа баптап шығарған ұстазым Ринат Зайытов, сізге мың алғыс! Жылап отырмын. Бұл барлық елдің қуанышы. Қазақтың қара нардай жігіттері аман болсын!  Қайран домбыра қадіріңді кеш білдім, Сенсіз мына қадірі жоқ бес күннің. Сені сындырып шағуға, Багаж жаққа салуға, Хақысы жоқ ешкімнің», – деп жазды Айшолпан Тілеутай.
Бейнематериалдың толық нұсқасын Stan.kz Youtube арнасынан көріңіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста