Жуырда оюлардың каталогі шығады. Жинаққа оюдың 700-ден астам түрі енгізілген. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақ мәдениеті мен өнерінің жұмбағы толық ашылмаған бағыттарының бірі - ою-өрнек. Тіпті оюларды жеке бір әлем деп айтсақ та болады. Әр оюдың өз атауы мен мағынасы бар, ал бір бірімен жалғасқанда олар бір жасырын үндеу секілді мазмұн беруі мүмкін. Балбалтастарды суретке түсіріп жүргенімде ою тақырыбы да кенет қызықтырып, он жыл осы бағытта іздендім. Сол ізденістің бір нәтижесі ретінде жуырда оюлардың каталогын шығарамыз. Бұл жинаққа оюлардың 700-ден астам түрі енгізілді, - делінген жазбада.
Жуырда оюдың 700-ден астам түрі енгізілген жинақ шығарамыз - Ерлан Қарин
Читайте также
Ғалымдар ұзақ өмір сүру үшін күнде қанша қадам жаяу жүру керек екенін есептеді
"Қызғанамын": Нұрболат Абдуллин әнші жұбайын неге сахнаға шығармайтынын түсіндірді
Кесір келіннің қиянаты
Қордайда әскерге шақырылған сарбаз бірнеше күннен соң қайтыс болды
Иесіз қыстауда түнде көрінген тұяқты әйел әке мен баланың зәресін алды
Жезөкше деген аты қандай жаман
Последние статьи автора