Журналист Динара Егеубаеваның ұлына белгісіз біреулер тапаншамен тап берген

Журналист Динара Егеубаева ұлына Алматыдағы үйінің ауласында тапаншамен шабуыл жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.


Динара Егеубаеваның сөзінше, оның ұлы – Еуроодақ азаматы.

Журналист Вадим Борейко хабарлағандай, Егеубаева оған ұлы үйдің кіреберісіне кіріп үлгергенін және бірден оған қоңырау шалғанын айтыпты.

"Шақырту бойынша олардың үйіне полиция келді", – дейді Борейко.
Айта кетейік, соңғы уақытта елімізде журналистерге шабуыл жиілеп кетті. Жуырда Динара Егеубаеваның автокөлігі өртенген. Сондай-ақ, белгісіз адамдар Вадим Борейконың пәтерінің есігін бұғаттауға тырысты. Алматыда Elmedia редакциясына алты рет шабуыл жасалды, Orda редакциясына да қоқан-лоқы көрсетілді. Сонымен қатар, 18 қаңтарда хакерлер Ulysmedia сайтына бұзып кіріп, бас редактор Самал Ибраева мен оның балаларының жеке деректерін желіге жариялап жіберді.

Бұдан бұрын Стокгольмдегі Журналистерді қорғау комитеті Қазақстан билігін журналистерге жасалған шабуылдар толқынын мұқият тексеруге шақырды.

Сондай-ақ, өткен аптада 23 дипломатиялық өкілдік қызметкерлері бас қосып, белгісіз бір топтың жарты жылдан бері қазақстандық баспасөзге көрсетіп келе жатқан қоқан-лоқысын, шабуылдарын және кибершабуылдарын, кейбір интернет-порталдарды БАҚ алаңынан шығарып тастауға тырысқанын талқылады. Дипломатиялық корпус журналистерге қолдау көрсетуге, көмектесуге дайын екенін жеткізді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста