Жұмысқа тұру үшін тағы бір құжат сұралады

2023 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда жұмысқа жалдау ережелеріне өзгерістер енгізілген еді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
 
 
Өзгерістер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған болатын. Енді жұмыс беруші үміткердің сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар-жоғын анықтай алады. Мұндай ақпаратты алу үшін компаниялар Мемлекеттік құқықтық статистиканың құзыретті органына жүгіне алады. Сондай-ақ "Электрондық үкімет" порталын немесе HR digital сервисін пайдалана алады.

Айта кетейік, жұмыс беруші сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы деректерді және жалпы басқа да ақпаратты жұмыс ізденушінің жазбаша келісімі болған жағдайда ғана ала алады. Ал жеке тұлғалар бұл анықтаманы онлайн түрде eGov порталынан жүктеп алуына болады.

Еске сала кетейік, жұмысқа тұрып, еңбек шартын жасауға келесі құжаттар қажет:

  • жеке куәлік немесе паспорт (16 жасқа толмағандар үшін туу туралы куәлік);
  • азаматтығы жоқ тұлғалар үшін тұруға ықтиярхат немесе куәлігі (Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
  • тиісті білімді, білігі және дағдыны талап ететін жұмысқа орналасуда еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіпті;
  • даярлығының болуы туралы құжат;
  • еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  • алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (мед.анықтама 086-У);
  • Кейбір жағдйда сотталмағандығы туралы анықтама талап етілуі мүмкін (оны онлайн алуға болады).
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста