Қызылордалық полицейлер кәмелетке толмаған екі қызды жезөкшелікке тартқан әйелді ұстады.
Күдікті Kyzdar.net сайты арқылы Алматы, Тараз, Шымкент және Қызылорда қалаларында қыздардың қызметін ұсынып, оларды жезөкшелікке тартқан. Әйел мұндай әрекеті үшін сыйақы алып отырған.
Қазір бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 134-бабы 2-бөлігі 2-тармағы "кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар жасалады.
Полицейлер осы қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтауға бағытталған іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.