Қазақстан Бас прокуратурасының қызметкерлері Интерполдың көмегімен "А" азаматын Беларусь Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлайды Экспресс К.
Құзырлы орган таратқан ресми мәліметке зер салсақ, әлгі азамат Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін күдікті деп танылды.
Қылмыс жасағаннан кейін аталған тұлға қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған еді.
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта күдікті Қазақстанға әкелініп, қамауға алынған.
Қазақстанның заңнамасына сәйкес жоғарыда аталған қылмыстар үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, — делінген ресми хабарламада.