Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жаңаөзендік жұмыссыз тұрғындардың жағдайы бойынша қандай келісімдер жасалғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет кулуарында журналистер министрден жұмыссыз қалған бұрынғы мұнайшыларды жұмысқа орналастыру мәселесі шешілді ме деген сауал қойды.
"Жұмыс жалғасып жатыр, құрылыс ұйымдары мен мердігер ұйым өкілдерінің талаптары - "ҚазМұнайГаз" ұзақ мерзімді тендер өткізу режиміне көшті. Яғни, енді бұл мердігерлік жұмыстар үш және одан да көп жыл мерзімге – құрылыс компанияларының жұмысшылары үшін белгілі бір тұрақтылықты қамтамасыз ететін конкурс өткізіледі. Сондай-ақ, олармен осы кезеңге орта мерзімді келісімшарттар жасалады деп күтіледі. Менің білуімше, байқауды өткізу аясында қатысушылар өз қызметкерлерінің еңбекақы қорын конкурста жеңіске жету үшін пайдалана алмайтындай етіп, жалақы деп аталатын тарифтерді көтеру және оларды бір деңгейде бекіту бөлігінде жеткілікті үлкен жұмыс жүргізілді", - деді Энергетика министрі журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Сәтқалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта "Өзенмұнайгаз", "ҚазМұнайГаз" және жергілікті атқарушы органдар сала өкілдерімен диалогты жалғастырып жатыр.