Үйінен ашуланып шығып кеткен 8 жасар қыз тасжол бойынан табылды

Павлодар-Успен тасжолында Павлодар облысының полиция қызметкерлері жылап жүрген қызды көрді. Белгілі болғандай, ол үйінен шығып, Павлодарға қарай бет алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ ақпаратынша, 27 ақпан күні сағат 21:20-де полицейлер Болат Жұмашев пен Бағдат Сауытов Павлодар-Успен тасжолында патрульдік қызмет атқарған.

«82 километр жүріп өткеннен кейін жол бойында жалғыз өзі келе жатқан қызды байқадық. Тоқтадық, қыз жылап келе жатыр екен. Біз оны жұбатып, жылыту үшін көлікке отырғыздық. Қыздың жасы 8-де, ата-анасымен Успен ауылында тұратынын білдік. Мән-жайды толығырақ анықтау үшін кәмелетке толмаған бала Успен ауданының полиция бөліміне жеткізілді», – дейді Павлодар облысы бойынша ІІБ патрульдік полиция ротасының инспекторы Болат Жұмашев.
ІІМ мәліметінше, бүлдіршін полицияға кешке үй тапсырмасын орындағанын айтқан. Қадағалау кезінде ата-анасы оған тапсырманың дұрыс орындалмағаны туралы ескерту жасаған.

«Кейін анасы қызына көшеге шығып, таза ауа жұтып келуге кеңес берген. Ата-анасына ренжіген қыз бала үйінен шығып, Павлодарға қарай бет алған. Қызының үйде болмағанын ата-анасы білмеген. Ата-анасы қыздың үйден кетіп қалғанын полицейлер телефон соққанда ғана білген», – делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдары осы дерек бойынша ата-анамен алдағы уақытта осындай жағдайлар қайталанбауы үшін профилактикалық әңгіме жүргізді. Заңды өкілдерге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатын кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолдау үшін материал жиналды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста