Түркістанның экс-әкіміне қатысты сот ісі басталды

Түркістанның экс-әкіміне қатысты сот ісі басталды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Түркістан мен Кентаудың бұрынғы әкімі Рашид Аюповқа қатысты басты сот талқылауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Ол сот процесіне 2022 жылдың қазан айынан бері қамауда отырған тергеу изоляторынан онлайн қосылды.
Сотта Аюпов денсаулығына байланысты оңалуға уақыт беруін, сондай-ақ соттан журналистерге сот процесіне қатысуға және материалдар жариялауға тыйым салуды сұрады.


Бұрынғы әкімнің айтуынша, тергеу органы оны алаяқ, пара беруші деп көрсететін БАҚ беттеріндегі жарияланымдардың кесірінен оның балалары, туыстары, 80 жастағы әкесі психологиялық күйзеліске ұшырайды.
 
"Мен бұған қарсымын, өйткені сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің кейбір блогерлерге арызданушының ақшасын бергеніне өзім де куә болдым. Кейбір блогерлер бас тартты, бірақ соған қарамастан осындай ойын жүріп жатты. БАҚ-ты сот залынан шығарып, онлайн қосылымды өшіріп тастауыңызды сұраймын. Біз өзіміз ақпарат береміз", - деді Рашид Аюпов.
 
Судья Қажымұқан Мекемтас БАҚ өкілдері де кез келген азамат сияқты сотқа қатысуға құқылы екенін атап өтті. Өйткені процесс ашық өтіп жатыр.


"Егер қандай да бір жолмен сіздің құқықтарыңызға нұқсан келтірілсе немесе басқа да негіздер болса, қандай да бір БАҚ-ты сот процесіне қатыстырмау туралы арыз беруге құқылысыз", – деп түсіндірді сот.
Еске сала кетейік, осы жылдың 18 мамырында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Аюповқа қатысты тергеудің аяқталғанын хабарлады.


Антикордың мәліметінше, Аюпов 2013 жылы премьер-министр кеңсесінің қызметкері бола отырып, ірі жекеменшік компанияның иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі көлемде пара беруге көндірген.
Осы үшін құрылыс бойынша тендерде жеңіп беруге уәде еткен.


Талап етілген соманы алып, өзіне қалдырып, ақшасының бір бөлігін Астана қаласынан жаңа үй, қымбат автокөлік және бірнеше жүк техникасын сатып алуға жұмсаған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста