Түркиядағы жер сілкінісінен 68 сағат өткен соң сегіз айлық Хелен үйінді астынан құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.
Қыздың жағдайы мен отбасы туралы әзірге басқа ақпарат жоқ.
Түркияда 62 сағат үйінді астында қалған тағы екі әйел тірі табылды.
Газиантеп губернаторлығының мәліметінше, Фатма Демир мен оның әпкесі Мерве ғимарат қирандыларының астында 62 сағат болғаннан кейін құтқарылған.
25 жастағы Фатма Демир құтқарушыларға жер сілкінісі болған кезде оның жанында туысы Хусра болғанын айтқан.
"Жер сілкінісі болған кезде үстіме бір бетон тақтай құлады. Мен еденге құладым" деген Демир Хусраға бірнеше рет қол тигізбек болғанын, бірақ оған жете алмағанын айтқан.
Іздестіру-құтқару топтары жер сілкінісінен қираған үйлердің қирандыларының астында қалған адамдарды іздеуді жалғастырып жатыр.