Тоқаевқа сыйға тартылған Наурыз атты күшік қалай өмір сүріп жатыр? Суреттерді Ақорданың баспасөз қызметі көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
БОРТ N1 Telegram-арнасы биыл Наурыз мерекесі қарсаңында Астанадағы кинологтар көрмесіне барған кезде Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйға тартылған күшіктің видеосын жариялады. Сол кезде Наурыз есімді тазы күшігін Президентке асыл тұқымды ит өсіруші Анна Захарова сыйға тартқан болды.
"Бұл қазір баяғыдай себетте дірілдеп жататын түйіршек емес, көз алмай бақылауды қажет ететін епті күшік. Біз Наурыздың алғаш рет аңға шығуын, жетістігін, есеюін міндетті түрде көрсетеміз. Кім біледі, бәлкім, бір күні Ақорданы қорғауына алатын шығар?!", - делінген жазбада.