Таразда жол апатынан бір адам мерт болды: рөлде кәмелетке толмаған тұрғын болған

Таразда мейрам күндері жантүршігерлік жол апаты болды. Кәмелет жасына толмаған тұрғын мінген Toyota көлігі негізгі жолда келе жатқан LADA автокөлігін соққан. Апаттан бір адам көз жұмған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

"Мен жақын маңда тұрамын, жұмысқа кетіп бара жатқан кезде бір дауыс естідім. Оқиға орнына барып, кейін көрдім. Жантүршігерлік жағдайды айтып жеткізу мүмкін емес", - деді куәгер Айбек Бекхожаев.

Көлік қақтығысының қатты болғаны соншалықты, соққы алған автомобиль арықтан ары ытқып, бірнеше рет аударылып, ғимарат қабырғасына барып, бірақ тоқтаған.

"Қабырғаға соғысқан көліктің сау-тамтығы қалған жоқ. Екінші көлік жолдың шетінде тұрды. Арғы жақта полицейлер куәгерлермен әңгімелесті", - деді тағы бір куәгер Имран Тохтыев.

Полиция департаменті апат салдарынан бірнеше адамның жарақат алғанын айтты. Қазір қажетті зерттеулер тағайындалып, кінәлі тарап анықталып жатыр.

"Биыл 23 наурызда 07:00 шамасында Toyota және LADA Largus көлігі соқтығысты. Жол-көлік апаты салдарынан оқиға орнында 1 адам қаза тапты. Аталған дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", – деді Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Ал қалалық көпсалалы ауруханаға бірнеше дене жарақатын алған, атап айтқанда кеуде қуысы, белінен жарақат алған 2 азамат барған.

"Оларға дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсеттілді. Кезекші дәрігер тексеріп, тұрғылықты жері бойынша емханаға амбулаториялық емделуге жіберілді", - деді қалалық №1 көпсалалы ауруханасының дәрігері Дильшот Салиев.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста