СҚО полицейлері заңсыз діни қызметпен айналысқан екі шетелдікті жауапкершілікке тартты

СҚО полицейлері заңсыз діни қызметпен айналысқан екі шетелдікті жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ресей Федерациясының екі азаматы жүзеге асырған заңсыз діни қызметті тоқтатты. Олардың Қазақстанда тіркелмеген діни ұйымның ізбасарлары екені анықталды. Олар 2022 жылдан бастап облысқа келіп жүрген уақыттан бері Петропавл тұрғындарын өз ұйымдарының өміріне тартып, “жанның тазаруы болады” деп уәде берген. Осы ұйымға адамдарды ізбасарлар мен мессенджерлер арқылы тартқан. Қылмыскерлер – 42 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйел — Я.Гашек көшесіндегі жалдамалы пәтерде ұсталды.

 

Күдіктілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабының 10-бөлігі (Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

 

– Осы баптың 10-бөлігінде тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне қатысу туралы жазылған, – дейді СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

 

Аталған баптың санкциясына сәйкес бұл үшін 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салу көзделген. Бұл ұйым Ресей Федерациясында тоталитарлық деп танылып, бүкіл аумағында оның әрекетінен тыйым салынған. Қазіргі уақытта құқық бұзушылардың заңсыз әрекеттерін одан әрі тексеру жүргізіліп жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста