Сот Болат Назарбаевқа сприт зауытына 448 млн теңге төлеуді міндеттеді

Болат Назарбаев спирт зауытына сот арқылы 448 миллион теңге төлейтін болды, деп хабарлайды Экспресс К.

2022 жылдың қыркүйегінде Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық соты "Ақтөбе өндірістік компаниясы" ЖШС банкротқа ұшыраған басқарушысының, яғни Қазақстанның экс-президентінің інісі Болат Назарбаевтың үстінен берген талап-арызы бойынша шешім шығарды. Бұл туралы Бұл туралы Liter.kz жазды.
Компания 2022 жылы банкротқа ұшыраса да, ұзақ уақыт жұмысын тоқтатпаған.
2007-2012 жылдар аралығында ЖШС "Кеңестік алкоголь индустриясы"(СовАлкоПром) деген атаумен этил спиртін шығарған.
2012 жылы компания иелерін толығымен ауыстырды. Кенет құрылтайшылар қатарына Болат Назарбаев пен Тахир Гусейнов кіріп, компания атауы "BN Aktobe" ЖШС болып өзгертілген. Кәсіпорынның атауы енді алкогольге қатысты болмаса да ЖШС этил спиртін өндіруді жалғастырып отырды.
2018 жылы компанияның атауы "Ақтөбе өндірістік компаниясы" ЖШС болып қайта тіркеліпті. Яғни, одан Болат Назарбаевтың қысқартылған аты-жөні алынып тасталды. Бірақ ол да, серіктесі Тахир Гусейнов те әлі күнге дейін оның иелері болып қала берді.
Ал 2022 жылы банкроттық жөніндегі менеджердің Болат Назарбаевқа қарсы шағымы бойынша сот процесі басталған.
Сот отырысында анықталғандай, 2013 жылы зауыттың қожайыны атанған Болат Назарбаев 1,5 миллиард теңгеге несие шартын жасасқан. Оның айтуынша, Назарбаев бұл ақшаны 10 жыл ішінде, пайызсыз несие шартымен компанияға біртіндеп құйып жатыр.
Дегенмен бұл қаржы толық өтелді ме, жоқ па, белгісіз. 2020 жылдың 2 сәуіріндегі жағдай бойынша компанияның Болат Назарбаев алдындағы қарызы 1,2 миллиард теңге болды. Оны өтеу үшін ЖШС барлық мүлкін аукцион арқылы сатуға тырысады, бірақ олар сәтсіздікке ұшырайды. Болат Назарбаев болса, компанияның барлық активін 751 миллион теңгеге сатып алады.
2021 жылы компания банкротқа ұшыраған. Бұл ретте банкроттық жөніндегі менеджер Кеңес Дүйсебаев болған. 2022 жылы ол келісімді жарамсыз деп тану үшін Болат Назарбаевты сотқа берген. Алайда сотқа жауапкер де, оның өкілі де келмеді.
Нәтижесінде сот талап арызды ішінара қанағаттандырып, жалған мәміле белгілерін анықтап, 1,5 миллиард теңге несие шартын жарамсыз деп таныды. Кепіл келісімі мен бітімгершілік келісімі де жойылып, Назарбаевтың өзі банкротқа ұшыраған компанияға 448 миллион теңге көлеміндегі тыйым салынған мүлікті қайтаруға міндеттелді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста